ШҚО-да таулы аймақтағы көлдерге бақылау күшейді
Себебі ыстықта мұздықтар тез еріп, су арнасынан асуы мүмкін.
«Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары жерден де, әуеден де барлау жасап, әр өзгерісті бақылап отыр.
Қазір 9 гидробекет жұмыс істеп тұр. Облыста 144 мореналық көл бар. Олардан 11 елді мекенге қауіп төніп тұр. Әсіресе Қатонқарағай ауданында тау көлдері көп. Мамандар: «Әзірге алаңдайтын себеп жоқ», – дейді. Дегенмен тауға шығарда сақ болуды ескертеді.
Марина Лискова, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
- Саяхаттың қызығына кірген көп адамдар сақтық дегенді елеп-ескере бермейді. Ең қауіпті тау аңғарларын аралап көргісі келеді. Бірақ тауға бармас бұрын алдымен үлкен дайындық жасалу керек. Тым құрмағанда күн райын бағамдап, қолайсыз болса, серуенді кейіне шегерген дұрыс.