Прокурор Марат Әйтеновті 12 тәулікке қамауды сұрады

Прокурор Шымкенттің экс-әкімінің ағасын 12 тәулікке қамауды сұрады, деп хабарлайды 24KZ.

Айыптаушы тарап Марат Әйтеновті кінәлі деп танып, осындай жаза тағайындауды ұсынды.

Айта кетейік, шілде айында Әйтенов пен оның жақтастары құқық қорғау органдарымен бірге бұрынғы жұбайы Дана Әтешованы үйден күштеп шығаруға тырысқан. Осыдан кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сәйкесінше Әйтенов те бұрынғы әйелінің үстінен полицияға арызданған.