Ақтөбеде 66 бейнебақылау жүйесі іске қосылады
Ақтөбеде автожолдардағы қауіпсіздікті қадағалау үшін 66 жаңа бейнебақылау жүйесі іске қосылады.
Жыл соңына дейін қоғамдық орындарда тағы 2500 камераны полицияның жедел басқару орталығына тіркеу жоспарда тұр. Биыл өңірде 382 көлік апаты тіркеліп, 80 адам қаза тапты. 535 жолаушы түрлі жарақат алды. Полицейлер жол көлік оқиғасының басты себебін жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруымен байланыстырады.
Еркін Өтеген, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Бірінші кезекте жылдамдықты арттыру, сонымен қатар іздеуде тұрған автокөліктерді анықтау және де көрнеу жалған нөмір тағып алған автокөліктерді анықтау, одан басқа айыппұлдарды төлемеген автокөлік иелерін анықтауға мүмкіндік бар бұл жерде. Адами фактордың қатысуынсыз бұл жерде, біздің қызметкерлердің қатысуынсыз автоматты түрде оған айыппұл баратын болады.