Биыл Қызылорда – Жезқазған жолының 140 шақырымы пайдалануға беріледі

Қызылорда – Жезқазған автожолының үш учаскесі жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды 24kz.

Оңтүстік пен орталық өңірлерді байланыстыратын трассаның жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асады. Соның Қызылорда облысы аумағына тиесілі бөлігінің 140 шақырымы биыл ел игілігіне беріледі. Күре жолды бес мердігер компания салып жатыр. Қазіргі таңда Ұлытау облысының шекрасына жақын үш учаскеде жол жабындысының соңғы қабатын төсеу жұмыстары басталды. 130-150 градусқа дейінгі жоғары температурада жайылатын асфальттың беріктігін нығайту үшін полимер қоспа қолданып жатыр. «Технологиялық жаңашылдық магистраль сапасын арттырады», - дейді жол сарапшылары.

Асылбек Қапбазов, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының инженері:

- Осы полимер «шма» биылдықтағы жаңашылдық шыққаннан кейін полимер қоспа қосылғасын нақтырақ сипатына тоқтала кетсем. Ол бұрынғы «шма» қарағанда төзімдірек. Қызылорда облысының ыстығына, салқынына өте төзімді. Зертханалық сынамалар алынып, оң нәтиже берген соң биыл полимер «шма» салып жатырмыз.

Ерсайын Мұзафар, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары:

- 216 шақырымның 192 шақырымы іске асырылуда. Жалпылама есепке сәйкес 60%-тен асты жұмыстар. Қазір енді жылдың яғни, құрылыс маусымының аяғына дейін жоспардағы 140 шақырымды аяқтауымыз қажет.