«Қауіпті жүк» іс-шарасы аясында ₸7,5 млн айыппұл өндірілді
«Назар аударыңыз! Қауіпті жүк» іс-шарасы аясында 7,5 млн теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлайды 24kz.
Акция барысында қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған 50 тасымалдаушы анықталған. Рейдтік іс-шаралар Алматы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан өңірлерінде өткізілді. Тамыз айының соңына дейін еліміздің өзге аймақтарын қамтиды.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- Акцияның мақсаты – қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын сақтауын қадағалау. Инспекторлар тіркеу құжаттарының, жол парақтарының, жүргізушіге арналған нұсқаулықтардың, қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беретін куәліктің болуын тексеріп жатыр.