Каспийден 156 итбалық ғылыми зерттеуге алынады
Каспий теңізінен 156 итбалық ғылыми зерттеуге алынады, деп хабарлайды 24kz.
«Мұндай шара сирек кездесетін итбалық тұқымын сақтап қалу үшін жасалып отыр», - дейді мамандар. Зерттеу нәтижесінде теңізде санитарлық қызмет атқарып, экожүйеге оң әсер етіп отырған итбалық саны, өмір сүру жасы, тіпті немен қоректенетіні белгілі болмақ. Каспий итбалығы 2020 жылдан бері Қызыл кітапқа енгізілген.
Жазира Сыдықова, Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері:
- Жалпы таңбалау спутниктік меткалар қою арқылы жүзеге асады. Сол қойылған таңбалар арқылы Каспий итбалықтарының миграциясын бағалау және бақылау мақсатында жүргізілетін іс-шара болып табылады. Мұның ішіне жалғыз ғана қоректенуі немесе қоныс аударуы емес, сонымен қатар бұл Каспий итбалықтарының мінез-құлқын, миграциясын, санын, жасын, қоректік ерекшеліктерін зерттейтін кешенді зерттеулер болып табылады. Бұл бізде соңғы 10-15 жылдар шамасында жүргізіліп келе жатқан зерттеулер.