Еліміздің туризм саласындағы кірісі бес есе артты

Жылдың бірінші тоқсанында елдегі туризм саласында жұмыс істейтін компаниялар кірісін орта есеппен 5 есе арттырды, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстандық туристік операторлар мен турагенттіктер қаңтар-наурыз айларының аралығында 160 млрд теңгеден астам табыс тапқан. Туризм және спорт министрлігінің мәліметі бойынша қазір елде 558 туристік оператор жұмыс істейді. Олардың кірісі бірінші тоқсанда 7,6 есеге, яғни, 143,4 млрд теңгеге дейін өскен.

«Былтыр елге 9 млн 200 мың шетелдік саяхатшы келген. Бұл – соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш», - делінген министрлік ұсынған мәліметте. Ал біздің елден шет мемлекеттерге турист ретінде 10 млн 500 мың адам барған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37%-ке көп. Қазақстандықтар шетелдік турларды сатып алу үшін 380 млрд теңгеден астам қаржысын жұмсаған.

2024 ж. І тоқсан

Туризм саласындағы кіріс – ₸160,3 млрд (5 есе)

Туроператорлар саны – 558

Туроператорлар кірісі – ₸143,4 млрд (7,6 есе)

2024 ж.

Қазақстанға келген шетелдік туристер – 9,2 млн адам (2 есе)

Шетелге шыққан қазақстандық туристер – 10,5 млн адам (37,2%)

Шетелдік турлардың жалпы құны – ₸380,3 млрд