Қазақстанда 48 мемқызметтің 44-і электронды түрде ұсынылады

Биыл елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру айтарлықтай ілгеріледі, деп хабарлайды 24kz.

Мәселен жыл басынан бері 11,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал жалпы 48 қызмет, оның 44-і электронды түрде ұсынылады. Осы жылы мемлекеттік органдар мен бизнес үшін 20 мың профильді қамтитын жаңа цифрлы экожүйе құрылды. Жобаларға арналған өтпелі ID-нөмірі енгізілді. Бұл олардың орындалуын тиімдірек бақылауға мүмкіндік береді.  Негізгі инновацияларға нарықтық талдау, бірыңғай деректер қоймасы, egov.kz арқылы төлемді жеңілдету кіреді. Енді 198 мемлекеттік қызметтің деректемелері автоматты түрде толтырылады.