Елордада виртуалды жол жүру карталары енгізіледі

Енді көлік карталарын алып жүрудің қажеті болмайды.

Себебі оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру карталары енгізіледі. Валидацияны телефонның көмегімен QR-кодты сканерлеу, валидаторға тигізу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл туралы CTS компаниясы мәлім етті. Виртуалды картаны шығару және рәсімдеу үшін де кезекке тұрудың қажеті жоқ. Мұны онлайн жасауға болады.