Елде шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды

primeminister.kz

Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында айтылды.

Зиянкестермен күрес барысында 3,1 млн гектар алқап өңделген. Бұл биыл болжанған көрсеткіштен 23% жоғары. Яғни жұмыс барысында шегірткелер таралған жаңа ошақтар анықталған. Штаб отырысы барысында осы жылы фермерлердің егістіктері шегірткеден зардап шекпегендігі де айтылды. Қазір зиянкестерден қорғану шаралары аяқталғанына қарамастан бір апта көлемінде жекелеген өңірлерде шегірткенің пайда болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Айта кету керек, биыл шегірткенің таралу көлемі бойынша болжам жасау және өңірлерде дернәсілдердің пайда болу орындарын мониторингтеу үшін 100 дрон сатып алу қарастырылған. Ал 2025 жылы алқаптарды өңдеу үшін квадрокоптерлер алынады деп күтіледі.