Этномедиациялық кеңестің ережесі мен құрамы жаңартылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиациялық кеңестің ережесі мен құрамы жаңартылды, деп хабарлайды 24KZ.
Кеңейтілген отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, әр өңірден келген этномедиаторлар мен сарапшылар қатысты. Бұл құрылым ұлтаралық шиеленістердің алдын алу шараларын жүргізеді. Ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында этномедиаторлардың сапалық жаңа пулын қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Бүгінде елде этномедиацияға арналған 21 орталық жұмыс істейді.
Мүбәрак Жинақбаева, Жамбыл облысының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:
- «Елдесу мен татуласу» жобасы бойынша этномедиация күніне іс-шарада тұрмыз. Біздің Жамбыл облысы 87 этностан құралған. 8 ауданда этностар көп шоғырланған 32 елді мекен бар. Сондықтан бізге этносаралық тұрақтылық, қоғамдық келісім өте маңызды.