250 мектептің асханасында «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылды
Елдегі мектеп асханаларында «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылды.
Енді ата-аналар балаларының ас-ауқатын егов қосымшасы арқылы онлайн бақылай алады. Сондай-ақ жеңілдікпен тамақтану үшін ваучерлерді пайдалану мүмкіндігі бар. Оқу-ағарту және Цифрлық даму министрлігінің бірлескен жобасы әзірге 250 мектепте жұмыс істеп тұр. Алғашында Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында енгізіліп, сынақтан сәтті өткен. Бастама елдегі білім ұяларының барлығына біртіндеп енгізіледі, дейді мамандар.