Баянауылда қарақұрт қаптады

Баянауыл ауданында қарақұрт қаптады.

Табиғи сипаттағы  төтенше жағдай жариялануы мүмкін, дейді мамандар. Улы өрмекшінің көбеюіне ауа райы да қолайлы болып тұр. Баянауыл ұлттық паркі қызметкерлерінің айтуынша, Торайғыр көлінің жағасындағы тастақ жерлерді қарақұрт жайлап алған. Былтыр  жәндіктің 1500 жұмыртқасы мен 356 аналығы жойылған еді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасты. Алдын ала болжам бойынша шамамен 100 гектар аумаққа қарақұрт тарап кеткен. Осыған орай, Баянауылда Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Әзірге ұлттық парк қызметкерлері улы жәндікті механикалық жолмен жоюға мәжбүр.