Есірткі шығаратын 24 зертхана жойылды

Елімізде есірткі өндірушілер айылын жияр емес.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жасырын зертханалар көбейген. Биылдың өзінде мұндай 24 орын жойылды. Оның жартысына жуығы Алматыда анықталған. Мамандар дәл осы себепті жазаны қатаңдату ұсынылғанын айтады. Енді есірткі өндіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. "Есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған 2 петиция қарауға алынды" дейді министрлік өкілдері.