Жамбыл облысындағы прокуратурада ахуалдық орталық ашылды
Жамбыл облысының прокурорлары қаладағы 600-ден аса бейнебақылау камерасын тікелей көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды 24kz.
Одан бөлек, тергеушілердің қызметтік кабинеті мен түзету мекемелерін қашықтан бақылайды. Облыстық прокуратурада арнайы ахуалдық орталық ашылды. Прокурорлар құқық қорғау қызметкерлері тарапынан күдіктіге немесе сотталушыға қысым болмауын қадағалайды. Алдағы уақытта орталық іздеудегі адамдардың базасына қосылып, камера арқылы анықтауға мүмкіндік алады. Жалпы аппараттық-бағдарламалық кешенде қылмыс деңгейіне мониторинг жасалады.
Жәнібек Жұмасаев, облыс прокурорының аға көмекшісі:
- Облыс аумағында қылмыстылық жағайын көре аламыз. Қандай қылмыс бойынша өсу немесе төмендеуін бақылап ары қарай біз тиісті шараларды қолданамыз. Орталықтың бір маңыздылығы – цифровизация. Яғни, біз қашықтан ары қарай материалдарын және камералар арқылы біз заңдылығын көре аламыз.