Ақтөбе облысында оқулық сатып алуға ₸1,1 млрд бөлінді

Ақтөбе облысы биыл мектептерге жаңа оқулықтар сатып алу үшін 1 миллиард 100 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды 24kz.

Қаражат негізінен жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, 3-сыныпқа қажетті пәндерді толық, ал, 7, 8 және 9-сыныптардың кейбір пәндеріне керек кітаптармен қамтуға бағытталады. Бұдан өзге, мектептердің кітапхана қорын көркем және қосымша әдебиеттермен толықтыру көзделіп отыр. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезовтің айтуынша, жаңа оқу жылында облыста 404 мектеп қызмет етеді.

Артур Әуезов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыстың аудандары мен Ақтөбе қаласына жеткізу, осы оқулықтарды тасымалдаушылар анықталды. Және осы тасымалдаушылармен график бекітіліп, қазіргі уақытта жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, жыл сайын жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету бізде 100%.