Су тасқыны: Қостанай облысында 35 кәсіпкерге өтемақы төленді
Қостанай облысында су тасқыны кезінде шығынға батқан 35 кәсіпкерге 206 млн теңге өтемақы берілді, деп хабарлайды 24KZ.
Тасқын кезінде 59 бизнес нысаны суға кеткен еді. Басым бөлігі – сауда, қоғамдық тамақтану және демалыс орындары. 2 ғимарат апатты жағдайда деп танылды. Жетеуі жөндеуді қажет етеді. Одан бөлек, бүлінген құрал-жабдық, тауар шығыны өтеледі.
Жалпы бұл мақсатқа Үкімет қорынынан 12,1 миллиард тенге қаржы бөлінді. Өтемақы төлеу жөніндегі өтінішті аймақтық комиссия 5 күннің ішінде қарап, тиісті шешім шығарады. Бұл жұмысты тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Талғат Саламатов, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
- Ережеге сәйкес өтініш қарашаның 30-на дейін қабылданады. Бүгінгі күнге дейін зардап шеккен барлық кәсіпкер өз өтініштерін берді. Бірақ олардың бәрі бірдей төлем алмауы мүмкін. Өйткені шағын және орта бизес өкілі екендігін, бүлінген дүние-мүліктерін айғақтайтын құжат тапсырмағандар бар.