Елде арнайы операциялар күштерін дайындауға басымдық беріледі
Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасымен елде арнайы операциялар күштерін дайындауға басымдық беріледі.
Биыл 2 мыңнан астам жауынгерлік тактикалық және атыс оқу-жаттығулары өткізілді. Әсіресе дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарға дайындығы пысықталды. Сондай-ақ алғаш рет облыс әкімдері мен олардың орынбасарларының жиыны өткізілді. Қарулы Күштеріміз Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттерімен ауқымды халықаралық «Бірлестік–2024» оқу-жаттығуына қатысты. Жыл соңына дейін тренажерлер жеткізу және полигон жабдықтарын жөндеу жоспарланған. Осы арқылы жылына 300 млн теңгеге дейін үнемдеу көзделеді. Халықаралық және бітімгерлік қызметті жандандыра түсу де басты назарда.