Майнингпен заңсыз айналысқандар елге ₸36 млрд шығын келтірді

Елде майнингпен және криптовалюта айналымымен заңсыз айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігінің арнайы бөлімі әшкерелеген 18 қылмыс салдарынан келген шығын көлемі 36 млрд теңгеден асады. Ақпараттық жүйе мен «бұлтты бухгалтерия» қызметіне бөлінген қаржыны жымқыру бойынша тағы 3 қылмыс анықталды. Сот кінәлі тұлғаларға тиісті үкімін шығарды. Олардың ішінде шетелдіктер де бар.