«Игі істер марафоны» акциясы жалғасып жатыр

Жалпыұлттық жоба аясында еріктілер qazvolunteer.kz сайтына тіркеліп, қайырымдылық шаралары туралы әлеуметтік желілерге жариялайды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгінде бірыңғай платформада мұндай 900-ге жуық бастама жайлы мәлімет енгізілген. Мысалы, Астанада 2 тоннадан астам қоқыс жиналса, Қостанайда көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, ел аумағында кәсіпкерлер есебінен мектеп оқушыларына оқу құралдары мен киім-кешек сатып алынып жатыр. Мейірім марафоны желтоқсан айына дейін жалғасады. Оған қатысушылар 10 аталым бойынша марапатталады.