Қазақстанда 240 мыңға жуық волонтер бар
Ұлттық еріктілер желісінің ақпаратына сәйкес олар әртүрлі бағытта жұмыс істейді.
Қазір елде 680 ұйым құрылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, олардың іс-әрекеті мен игі ісі турасында деректер жоқ. Ал ресми тіркелмеген волонтерлік топтардың саны ресми тіркелгендерге қарағанда 3,5 есе көп екен.
Былтыр еріктілер қызметінің негізгі бағыты қарт адамдар мен жалғызбасты және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек беру болды. Яғни жасалған игі істердің 31,4%-і осы бағытта болған. Сондай-ақ әлеуметтік волонтерлік 20, ал экологиялық көмек 16%-ке жасалған.
Айта кету керек, қазір елде Ұлттық волонтерлік желі жұмыс істейді. Ол 2010 жылы құрылған.