Банктер заңсыз рәсімделген несиені жоюға міндеттеледі
Азаматтарды биометрия арқылы тану талаптары қатаң және ол алдағы уақытта тағы күшейтіледі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері осылай дейді. Олар азаматтардың ЭЦҚ кілтін қайта жасау мүмкін деген сөзбен келіспейді. Оның үстіне банктерге жауапкершілікті де күшейтіп жатқанын хабарлады. Атап айтсақ, осы айдың 20-сынан бастап жаңа заң күшіне енеді. Тұрғындар өз несиесінің заңсыз рәсімделгенін сотпен дәлелдей алса, оны төлеуге міндеттелмейді. Яғни банк өзі берген кредитке өзі жауапкершілік алады.