Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесуді уәде еткен елорда тұрғыны тергеліп болды

Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесуді уәде еткен елорда тұрғыны тергеліп болды

Қуандық Бишімбаевтың туыстарын алдаған елорда тұрғынына қатысты тергеу аяқталды.

Естеріңізде болса, әккі әйел сотталушы Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге ықпалымды тигіземін деп алдап, өз қызметі үшін ірі көлемде пара сұраған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, күдікті аса ірі көлемде алаяқтық қылмысқа оқталды деп айыпталуы мүмкін.

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Яғни Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесемін деп алдап, 100 млн теңгені қалтасына басқысы келгені үшін күдікке алынды. Күдіктінің бұл әрекеті "ірі көлемде пара беруге арандату" деп танылды. Оның басқа да қитұрқы әрекеттері толық тексеріледі. Қазір әккі әйел күзет бақылауында. Оның ісімен мамандар танысып жатыр.