Теміржолдағы қауіпсіздікке қатысы бар компанияның басшылары пара үшін сотталды
«Әскерилендірілген теміржол күзеті» серіктестігінің бас директоры мен оның орынбасары және бас менеджерге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.
Айта кету керек, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұл тұлғаларды аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп таныған. Нақтырақ айтқанда, олар теміржол станциялары үшін бейнебақылау жабдықтарын сатып алу және монтаждау бойынша ауыз жаласқан компаниялармен шарттар жасасу арқылы 159 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған. Алайда станцияларға тиісті жабдықтар толық жеткізілмеген және дені техникалық сипаттамаларға сәйкес келмей шыққан. Енді сот үкіміне сай олар 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге жазаларын өтейтін болады. Тағы келтірілген шығынды қайта қалпына келтіру жүктелді. Бұған қоса айыпталған тұлғалар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.