Алматыда жаңа ядролық зерттеу орталығы салынады
Алматыда ядролық криминалистика орталығы салынады.
Ол Ядролық физика инситуты аумағында бөй көтереді. Бұл елімізде атом электр станциясын салу бағытында атқарылып жатқан нәтижелі іс. Жалпы Қазақстанның ядролық реактормен жұмыс істеудегі тәжірибесі қандай? Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Атом электр станциясын пайдаланатын дамыған елдер су реакторын қолданады. Яғни, ондағы жылуды тасымалдауға кәдімгі су қолданылады. Ол реакторда жылу алмастырғыш және тежегіш ретінде кәдеге асады. Мұндай су реакторы Алматыдағы ядролық физикалық институтында 1967 жылдан бері үздіксіз жұмыс істейді. «Бізде білікті кадрлар бар. Бірақ атом электр станциясын салу мәселесі жалпыхалықтық референдумда шешілу керек»,-дейді сала мамандары.
Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:
«АЭС салу бір мәселе. Ол технологиялар ғой. Мысалға оның қазандығы бар. Материал. Оны біз шығара алмаймыз. Ол төрт компанияның өздерінікі. Бірақ мен кадрларды айтып тұрмын. Маман бар. Мысалға реактордың өзінде қазір бізде 105 адам жұмыс істейді. Енді АЭС 2035 жылы салынып бітсе егер референдум қолдайтын болса. 2035 жылға шейін біз қанша кадр керек соншасын дайындап береміз».
Бұл реакатор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында салынған. Радиациялық сәулеленген заттар арнайы кешенде өңделіп, талданады. Мысалы, бұл камерада тәулігіне 30 мл йод өндіріледі.
Нұрлан Сүгіржанов, ядролық физика институтының бөлім басшысы:
«Бірінші камера функциясы кесу үшін арналған. Максималды диаметр 100 мм дейін. «Затты облучательный затты біз реакторға сол гидропочта арқылы жібере аламыз су арқылы».
Су реакторы - ең қауіпсіз қондырғы. Оның бірнеше ішкі қорғаныс жүйесі бар. Камераның арғы бетіндегі сәуле сыртқа өтпейді. Қорғаныс қабаты мықты. Ол 8 қабатты әйнектен жасалады. МАГАТЭ ұйымы институттың нәтижелі жұмысын негізге алды. Келесі жылы мұнда жаңа ғылыми- зерттеу орталығы салынуы мүмкін.
Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:
«Шамамен менің ойымша 4,5 млн долардан кем болмайды бір орталықтың құны. Қосымша екі ұлттық лабороторияның мамандарымен бірге дайындаймыз».
Институт көмегіне жапониялықтар да жүгінген. Оларға 4-буындағы АЭС салу үшін отын қажет болды. Біздің ғалымдар оны 5 жыл ішінде сынап, әзірлеп берген. Сондай-ақ дәрі-дәрмектер де дайындалады. «Реактордың белсенді аймағына шикізат салынып нейтрондармен атқылау арқылы радиоизотоп алынады. Оны онкологиялық ауруларды анықтау мен емдеуге қолданады.
Сергей Кислицын, ядролық физика институтының бөлім басшысы:
«Біз радиациялық сәуленің түрлі заттарға әсерін зерттетйміз. Сәулеленген заттар бұзылады немесе қатайып, нығыздалады. Оның ішінде нейтрондық сәуле бар. Яғни, осы реактор жұмысы. Сондай-ақ иондық сәулелер, кішкентай дененелердің атомын зерттейміз».
Мұнда иридий, кобальт, молибден алынып, медициналық мақсаттағы радиоактивті изотоптарды өндірудің толық циклі жолға қойылған. Алдағы уақытта радиофармпрепараттарды Франция, Түркия, АҚШ-қа шығару жоспарда бар.
А. Садуақас, М.Құдықбаев