Депутаттар Алматы тұрғындарымен кездесті

Сенатор Ләззат Қалтаева және Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан Алматы тұрғындарымен кездесті.

Мүмкіндігі шектеулі жандар медициналық көмектің көңіл көншітпейтінін және тегін дәрі-дәрмекке үнемі қол жете бермейтінін алға тартты. Сондай-ақ әлеуметтік баспананың санын арттыруды да ұсынды. Депутаттардың айтуынша, қазір үкіметте «Әлеуметтік кодекске» өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Күзде депутаттардың қарауына жіберіледі. Сол кезде ұсыныстар жасалып, аталған мәселелер көтерілмек.

Кенжеғұл Сейітжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Барлық әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтар құқықтарыңыз шектелсе оны бізге жазыңыздар. Арнайы менің атыма. Одан кейін депутат ретінде айтарым заңда қандай бір шикіліктер, олқылықтар болса міндетті түрде соны жазып бізге қарай жіберсеңіздер сол жақсы болар еді.