Көктемгі тасқын: 4769 отбасы жаңа үйге кірді
Көктемгі тасқын кезінде баспанасы қираған 4769 отбасы жаңа үй мен пәтерге ие болды, деп хабарлайды 24kz.
Зардап шеккен өңірлерде бүгінде 2,5 мыңнан астам жаңа үйдің құрылысы қарқын алған. 34 мыңнан астам отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369200 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемге қол жеткізді. Бұл мақсатқа бюджеттен 12 млрд 600 млн қарастырылды. Сондай-ақ жоғалған заты мен мүлкін қалпына келтіру үшін 21 мыңнан астам отбасына 553 мың теңге тағы берілді. 8800-ден аса отбасы баспананы жөндеуге өтемақы алған. Ал суға кеткен малдың орнын толтыру үшін бюджеттен барлығы 2 млрд 800 млн қаржы бөлінді. Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің 455 өтінімі мақұлданып, бүгінде 7 млрд 900 млн теңге өтемақы төленген.