43,9 млн дана шабақ Жайық өзеніне жіберілді

Атырау облысында бүгінге дейін Жайық өзеніне шамамен 44 млн дана шабақ жіберілді, деп хабарлайды 24KZ.

Мың келіден астам өлген шабақ санитарлық талапқа сай жойылды. Оған 92 бірлік техника мен 517 адам жұмылдырылды. Бұл туралы өңір басшысы Серік Шәпкенов айтты. Қазір облыста өр суынан кейін жайылмаларда қалған шабақтардың қырылуын тоқтату шаралары қолға алынды. Жүйелі жұмыстар Махамбет пен Индер аудандарында жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Атырау қаласында осынау түйткілдің түйінін шеше алмай отырған басшыларды сынға алынды.

Серік Шәпкенов, облыс әкімі:

- Жұмыстың жүйелілігін көріп отырған жоқпын. Сіздер істемесеңіздер, кім істейді оның бәрін?! Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы, цифрландыру басқармаларымен бірге геодезистерді алып, айналасын дронмен түсіріп, әр көлшікке нумерация істеп, бір-бірден барлығын өтіп шығыңдар. Уақыт өте тығыз.