Елімізде 9 мың шақырым электр желісі жөнделді
Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Ал жылумен қамту нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. 195 қосалқы стансы, 1500-ден астам пункт пен трансформаторлық стансы күрделі жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін тағы 20 шақырым электр желісі мен 422 қосалқы стансы ретке келтіріледі. Бұдан соң 10 энергоблок, 55 қазандық пен 45 турбина кезек күтіп тұр.