Бұрынғы министр Е. Тұрғымбаевқа қатысты сот үкімі шықты
Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде 5 жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ.
Қылмыстық іс Астана сотында жабық форматта қаралды. Сот барысында бұрынғы басшы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісі үшін өкінетінін жеткізді. Сот үкімі бойынша оған 10 жыл бойы белгілі бір лауазымдарды иеленуге тыйым салынды. Сондай-ақ сот ел Президентіне Ерлан Тұрғымбаевты арнаулы атақтан және мемлекеттік наградалардан айыруға ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.