Елімізде жыл сайын зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мыңнан астам арыз түседі
Елімізде жыл сайын әйелдердің 30 пайызы және балалардың 25 пайызы зорлық-зомбылыққа ұшырайды.
Бұл туралы әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өткен семинар барысында айтылды. Бас прокуратура аталған өзекті мәселені талқылап, шешімін табу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басын қосты. Мамандардың айтуынша, жыл сайын полицияға отбасылық зорлық-зомбылық фактілері туралы 100 мыңнан астам арыз-шағым түседі. Алайда әрбір екінші жәбірленуші қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазудан бас тартады екен. Жиынға қатысушылар құқық бұзушыларды агрессиядан тек құқықтық тетіктер арқылы тежеуге болмайды деген пікір білдірді. Жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу, зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды оңалту мәселелеріне ерекше назар аударды.