Мажарстан жұрты Абайды еске алды

Абай Құнанбайұлының мұрасымен елі ғана емес, жер жаһан сусындап жүр.

Мажарлардың да Абайға деген құрметі ерекше екені байқалады. Ұлы ойшылдың бірқатар еңбегі мажар ақындарының кітаптарында жарық көрген. Ұлт ұстазының туғанына 179 жыл толуына орай Будапештте зиялы қауым өкілдері мен түркі интеграциялық ұйым басшылары Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақстан елшілігі ұйымдастырған салтанатты іс-шара Астана даңғылында өтті. Қатысушылар күллі түркіге ортақ ағартушының өмірі мен еңбектері жайлы айтып, әлем әдебиетіне қосқан үлесін тілге тиек етті. Қоладан құйылған Абай Құнанбайұлы ескерткіші Будапештте 2014 жылы бой көтерген.