Абай күніне арналған марафон өтіп жатыр

Бүгін Абай облысында «Абай жолы 100 мильс» атты жүгіруден жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Марафонға қатысушылар Семей қаласынан 80 шақырым жердегі Бөрлі ауылына дейін жүгіреді. Елді мекенде Мұқтар Әуезовтың, мұражай үйі орналасқан.

Спорттық шараға Астана, Қостанай, Павлодар сияқты еліміздің әр қаласынан қатысушылар келіп жатыр. Жалпы 300-ге жуық адам тіркелген. Олардың әрқайсысы бүгін 80 шақырымды еңсереді.

Ультрамарафонды Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа қатысушылар арасында 28 әуесқой марафоншы бар. Ақылбек Сәбитов 12 жылдан бері осы спорт түрімен айналысады. Абай жолы 100 мильс сайысына 2 айдан астам уақыт дайындалған.

Жарысқа қатысушылар арасында қала тұрғындары мен ЖОО қызметкерлері, қоғам белсенділері мен жастар бар. Әрқайсысы сайысқа дайындықпен келгені байқалады. Айта кетейік, марафонға қатысушыларға берілетін жүлде қоры – 1,5 млн теңге. Бірінші орын алған жеңімпаз 300 мың теңге мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Берік Жобалайұлы.