Жетісу облысында 70 адамды сан соқтырған қылмыстық топ ұсталды
Жетісу облысында алаяқтық жолмен шоттағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, заңсыз әрекетке барған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша мен 3 қымбат көлік тәркіленді. 70 адам алаяқтардың арбауына түскені тіркелді. Олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Зардап шеккендердің нақты саны әлі анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болып, деректерін ешкімге бермеуге және үшінші тұлғаға ақша аудармауға кеңес береді.