Маңғыстауда 370 адам банкрот деп танылды
Маңғыстау облысында 370 адам банкрот деп танылды, деп хабарлайды 24kz.
Олардың банктерге берешегі 355 млн теңгеден асады. Жыл басынан бері 3 мыңнан аса тұрғын өзін өзі банкрот деп тану үшін жергілікті уәкілетті мекемелерге жүгінген. Қазір мамандар 400-ге жуық азаматтың өтінішін қарап жатыр. Банкрот болған адамға 5 жыл бойы несие берілмейді. Сонымен бірге үш жыл қаржылық мониторинг жүргізіледі. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қолданыстағы заңға бірқатар түзетулер енгізілетінін жеткізді.