NEET санатындағы жастар үлесі азайды

Қазақстан халқының 30 пайызы жастар санатына кіреді.

Оның ішінде 370 мыңнан астамы жұмыссыздар қатарында тұр. Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметі осындай. Ал кәсіби білімі мен тұрақты жұмысы жоқ жастар үлесі 7 пайыз болды. Өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға азайған. Мемлекеттік қызмет саласында 30 мыңға жуық жас маман еңбек етіп жатыр. Оның тең жартысынан астамы орталық  мекемелерде болса, қалғаны жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейді.

Халықтың 30%-ы - жастар

Жұмыссыздар саны: 377 мың

NEET санаты:

2023 ж. - 7,9%

2024 ж. - 7%