12 тамыз – Халықаралық жастар күні
Бүгін - Халықаралық жастар күні.
Қазақ қай заманда да жастарға арқа сүйеген. Ежелден ұлт еркіндігінің ерен рухын паш етіп, азаттықтың шамын жаққан да, осы кейінгі ұрпақ болды. Тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен де, сан салаға серпіліс әкелген де – сол буын. Ал қазіргі қазақ жастары қандай? Мағжанның, сенім үдесінен шығып жүр ме?
"Жақсы жастан шығады." Аталы сөзден бағыт алған халқымыз осылай деп, ежелден кіші буынға үлкен сенім, жауапкершілік артып келеді. Жаңашылдықты да, жасампаздықты да өскелең ұрпақтан күтті. Ал бүгінгі қазақ жастары қандай? Мағжан сенген көзі отты, жүрегі түкті буынның жұрнағы қалды ма? Қазір елде шамамен 6 млн жас тұрады. Бұл - жалпы халықтың 30 пайызы. Ерлер мен әйелдер саны шамалас. 3 млн жуықтайды.
Жастар – 5 759 781
Ерлер – 2 915 985 Әйелдер – 2 810 642
Әлемдегі ахуал күрделі. Дамыған елдер дабыл қаға бастады. Көп елде жас тұрғындар тапшы. Күншығыс елінде кадр тапшылығы 5 жылда 5 есе өскен. Ал Еуроодақта еңбекке қабілетті азаматтар 2050 жылға дейін 35 млнға азаяды деп күтілуде. Ал біздің сан жағынан ұпайымыз түгел. Жұмыс күшінің тапшылығы қатты сезілмейді.
Бақдәулет Жанділдаев, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры:
- Елімізде 6 млн жас бар. Тәуелсіздік жылдарынан кейін дүниеге келген жастар өте көп қой. Сондықтан ондай мәселе жоқ. Қазіргі уақытта керісінше, жастарды жұмыс орындарына тарту көптеп жұмыс атқарылуда.
Иә, жұмыссыздық мәселесі де күрделі емес. Финпром агенттігінің мәліметіне сенсек, 15-28 жас аралығындағы тұрғындардың 1,7 млн-ы жұмыс істейді. 1,4 млн жас жалдамалы қызметкер болса, 300 мыңнан астамы – жеке кәсіпкер, 61 мыңы - тәуелсіз қызметкер. Тағы 9 мың жас құрылтай һәм өндірістік кооперативтердің мүшесі болып істейді.
15-28 жас аралығындағы жұмысшы жастар – 1,7 млн
Жалдамалы қызметкер – 1,4 млн
Жеке кәсіпкер – 308,8 мың
Тәуелсіз қызметкер – 61,5 мың
Қалғаны – 9 мың
Жастардың дені сауда мен қызмет көрсету бағытында істейді. Білім беру саласы да алдыңғы қатарда. Оның ізін ала ауыл, орман һәм балық шаруашылығы келеді. Ал жұмыссыз жастардың саны 400 мыңға жуықтайды. Әсіресе Алматы мен Астана қаласы және Қарағанды облысында көрсеткіш жоғары. Жалпы елде екі қолға бір күрек табу қаншалықты қиын? Жастардың пікірі мынадай...
БЛИЦ:
- Жастарға жұмыс табу оңай деп ойлаймын.
ЦИТАТА: FINPROM.KZ
Жұмыссыз жастардың көпшілігі жұмысты үш айдан алты айға дейін іздейді. Олардың саны - 17,9 мың адам. Тағы 16,8 мың адам бір айдан үш айға дейін іздесе, 15 мыңға жуық адам бір айдан аз уақыт жұмсайды. 10 мың азамат бір жылға дейін жұмыс іздейді. Ал қалған 2,1 мың адам бір жылдан астам уақыт бос жүр.
Кейінгі жылдары жастардың белсенділігі қай салада болса да артып келеді. Әсіресе волонтерлік бағытты терең меңгерген. Ғылым һәм спорттағы жетістіктері де көп.
Бекзат Аманов