20 тамыздан бастап сарбаздар несие төлемін кейінге шегере алады

Биыл 20 тамыздан бастап сарбаздарға несие төлемін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды 24kz.

Әскери борышын өтеп болғаннан кейін де төлеу мерзімін тағы 2 айға кідірте тұруға құқылы. Өткен айда несие алушылардың құқығын қорғауға бағытталған біраз жаңа норматив күшіне енді. Мәселен, биыл 1 шілдеден бастап 2026 жылдың мамыр айына дейін азаматтардың берешегі бойынша құқық-талаптарды коллекторлық агенттіктерге тапсыруға тыйым салынды. Тағы несие төлеу мерзімін 90 күннен асырып алғандарға тұтынушылық қарыз берілмейді. 20 тамыздан бастап төлеу мерзімі 90 күннен асқан берешекке сыйақы есептеуге де тыйым салынады.