1 қазаннан бастап коллекторлық агенттіктердің жұмысы өзгереді
1 қазаннан бастап коллекторлар борышкермен берешек шарттарын реттеуге тиіс, деп хабарлайды 24kz.
Коллекторлық қызметтің жаңа ережесіне сай агенттік қарыз алушыға міндеттемелерін орындау талаптарын өзгерте алатыны туралы хабарлауға міндетті. Осылайша, борышкер қарызды кейінге қалдыру, төлем мерзімін өзгерту, комиссиялардың күшін жою бойынша ұсыныс айта алады. Коллекторлық ұйым нақты шешімді 15 күн шығаруға тиіс. Егер тараптар ымыраға келе алмаса, борышкер банктік немесе микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы. Ал 2026 жылдың 1 мамырынан бастап коллекторлар сыйақыны борыш сомасынан шығаруға міндеттеледі. Бұл жаңашылдықтар несие алушыларды азайтуға бағытталған. Қазір елдегі мерзімі өткен қарыз мөлшері 1,5 трлн теңгеден асады. Ал коллекторларға 400 млрд теңгеге жуық қарыз берілді.
Әнуар Нұртазин, экономист:
- Борышкерге коллекторлармен негізгі қарызды өтеу рәсімін оңтайландыруға, сондай-ақ қосымша пайыздарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеуге келісу құқығы беріледі. Әрине, бұл Қазақстан үшін жаңа механизм. Ол бұл жағдайды шешуге көмектеседі деу ертерек.