Мектептерде «Әлеуметтік әмиян» жүйесі енгізілді
Мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтанудың жаңа жүйесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Енді оқушылар eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» арқылы тамақтана алады. Пилоттық жобаны Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып іске қосты. Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бағдарлама Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында сынақтан сәтті өтті. Қазіргі уақытта тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді.