«Балқаш жылу» ЖШС директорының орынбасары сотталды

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары 5,5 жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ.

Кәсіпорынның бас бухгалтері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі тергеп-тексерді. Ал сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған. Жалпы сомасы 708 млн теңге болатын ұрланған қаражат оны пайдаланудан кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды. Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды.