Қазақстанда биыл 27 жатақхана ашылады

Еліміз бойынша студенттерге арналған жатақхана тапшылығы мәселесі Астана мен Алматы қалаларынан басқа өңірлерде шешілді.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Биыл елде 27 жатақхана салу жоспарланған. Онда 10 мыңнан астам орын қарастырылып отыр. Ғимараттардың 19-ы университеттерге, қалғаны колледждерге тиесілі. Алматыда 7, Астанада 5 жатақхана ашылады. Министрлік жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын одан әрі нығайту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін пысықтап жатыр.