СҚО-да биыл 453 рет интернет алаяқтық тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 453 интернет алаяқтық фактісі тіркелген.

Адамдарды алдаудың ең көп таралған түрлері – жалған қаржылық ұйымдардан түскен қоңыраулар. Осыған байланысты азаматтардан 205 арыз тіркелген. Алаяқтар өздерін банк немесе басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері болып таныстырып, әртүрлі айла-шарғы арқылы ақшалай несие алдыруға тырысқан. Сондай-ақ байланыс операторларының атынан хабарласып, SIM-картаны жаңартуды, осылайша азаматтарды өз құрығына түсіргісі келетін алаяқтар көбейген. Сала мамандары ұсынылған сілтемелер бойынша өтмеуді, күдікті интернет-сайттарға кірмеуді ескертеді.