Еліміздің қорғаныс саласы 11 әуе кемесімен толығады
Алдағы 3 жылда қорғаныс саласы 11 әуе кемесімен толығады.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұл азаматтық қорғау саласынының әлеуетін арттыру үшін жасалған шара екенін айтты. Жаңа техниканы сатыл алуға ел қазынасынан 24,8 млрд теңге бөлінеді. Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Айта кетейік, сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайтуды тапсырған еді.