Қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны артты

Жыл басынан бері Қазақстанда қамқоршылық органдары қызметкерлерінің штат саны 47 пайызға артты.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті хабарлады. Мамандардың көбеюі жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің жағдайын жүйелі тексеруге мүмкіндік беріп отыр. Биыл патронаттық тәрбиеге алынған 17 мыңнан астам баланың денсаулығы, тұрмыстық жағдайы, физикалық және эмоционалдық дамуы, отбасымен қарым-қатынасы тексерілді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар ұсыным берілген.