Шымкентте заңсыз салынған 13 нысан бұзылады
Шымкентте 2314 жер учаскесі заңсыз иемденгені анықталды.
Қазір қала прокурорлары рұқсатсыз қоршалған жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. Заңсыз тұрғызылған 28 нысанның құрылысы тоқтатылды. Сот шешімімен оның 13-і бұзылатын болды. Бұл жөнінде қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжанов мәлімдеді. Құрылыс кезінде сәулеттік-жобалау талаптарын бұзғандарға 92 хаттама толтырылып, 23 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.
Мерлан Керімжанов, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:
- Жолдың бойында орналасқан жеке тұрғын үй жер теліміне салынған 1 ғимаратымыз бұзылды. Екіншісі әкімшілік тарапынан тек қана абаттандыруға берілген жер теліміне тиісті ғимараттар тұрғызып қойған. Соны соттың шешімі арқылы бұзған жағдайымыз бар.