Достық станциясында «жайлы мектеп» салынады
Достық станциясындағы оқушылар биыл да қысылып-қымтырылып білім алады, деп хабарлайды 24kz.
Елді мекендегі екі мектеп балаларға тарлық етіп отыр. 300 орындық Бауыржан Момышұлы атындағы білім ошағында 800, ал 600 оқушыға арналған «Достық орта мектебінде» 1100 бала білім алады. Биыл оқу ордасының жылу жүйесі ауыстырылған.
«Енді балалар тоңбайды», - дейді сала мамандары. Бұдан әрі «Жайлы мектеп» құрылысы жүргізіледі. Достық ауылдық округінің әкімі Ермек Сейпілмәлікұлының айтуынша, жаңа мектеп салынып бітсе, бар мәселе шешімін таппақ.