«Мемлекеттiк сатып алу туралы» заң 2025 жылы қолданысқа енеді. LIVE

Мемлекеттiк сатып алу туралы заңның күшіне енуіне жарты жылдай уақыт қалды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл заң сатып алуды оңтайландырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуы тиіс және жауапкершілікті күшейтіп, бәсекелестікті дамытуды көздейді. Жаңа заң қордаланған мәселені шеше ме? осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін студиямызға Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мейрамбек Таңжарықовты студияға шақырдық.

  1. Тендерге әркім қатысады. Бәсеке болады да, кім арзан баға ұсынса, сол ұтады. Ол тендерді ұтқан мердігердің қай өңір, қай қалада отырғанын да білмейді комиссия. Бірақ ертең өзге жақтан келген мердігер істі бастағанмен, аяқсыз тастап кетеді көбі. Немесе сапасыз атқарады. Іс бітті, қу кеттінің кебі. Мұндай мысалдар көп. Енді осындай жауапсыз мердігерлермен күресудің қандай да бір тетіктері қаралып жатыр ма? Не істеуге болады?
  2. Жалпы мердігерге қаражаттың белгілі бір бөлігі ғана беріледі. Істің белгілі пайызы атқарылғанда екінші транш беріледі. Біткен жұмысты қабылдайтын комиссия бар. Бірақ шала жасап кеткен дүниелер немесе бітпей қалған істер көп. Бұған не себеп? Біз білмейтін қандай жайттар болуы мүмкін.?
  3. Кінәнің бәрін мердігерге артамыз. Мүмкін басқа да жағдайлар бар шығар. Бәлкім заңға қандай да бір өзгеріс керек болар?
  4. Жергілікті жерлерде жергілікті мердігерлер үшін қандай да бір артықшылықтар бар ма? Қанша дегенмен жергілікті мердігер өз қаласы, өз елді мекені үшін жаны ашиды. Ертең сұрау болады дегендей. Әрі жергілікті адам болған соң шығыны да анағұрлым аз болмай ма? Техникасы қасында, жұмысшысы өз үйінде жатып жұмыс істейді дегендей.
  5. Жалпы жауапсыз мердігерге қандай жаза бар?