Жаңа оқу жылы қарсаңында қосымша вагондар іске қосылады
Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттер пойызға билет таппай дал, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе, батыс өңірлері тұрғындарының сұранысы жоғары. Осыны ескерген жауапты министрлік қосымша теміржол бағыттарын іске қосты. Бұл жұмыс «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамымен бірлесе жүргізіледі. Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Теміржол билеттерін аталған қалалардағы вокзалдардан сатып алуға болады. Сұраныс артқан жағдайда Көлік министрлігі қосымша вагондар қоюға дайын.