Президент Qarmet Креативті технологиялар орталығын аралады
Әрі қарай Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet Креативті технологиялар орталығына барды, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда металлургтер қаласының белсенді әрі шығармашыл жастары бас қосады. Орталықта роботты техника, автомодельдеу, ұшқышсыз басқарылатын дрондар секциялары бар. Одан бөлек, бағдарламалау, блогер, журналистика, документалистика оқытылады. Осылайша, орталық тек металлургиялық комбинаттың ғана емес, Теміртау қаласының көрнекті нысанына айналады. Мұнда жастар кәсіби бағдар алып, өздерінің инженерлік дағдыларын шыңдайды. Одан әрі Президент кәсіпорын жұмысшыларымен және ардагерлерімен кездесті. Кәсіподақ өкілдерімен әңгімелесу барысында еңбек адамы ең жоғары құрметке лайық екенін атап өтті.